ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Боранды Нұр-Сұлтан: қала ішінде жолаушылар автобусы қарға батып қалды (ВИДЕО)

Қаланы қардан тазалау, қарға батқан жүргізушілерге көмек беру алдағы күндері тәулік бойы жүргізіледі

Ара райының күрт нашарлауына байланысты елордада полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті мен коммуналдық қызметкерлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан маңындағы жолдардың бәрі жабылып, әуежайдағы бірқатар ұшақ рейстері тоқтатылды. Осыған байланысты қала әкімі Алтай Көлгінов полиция департаментінің өкілдері, төтенше жағдайлар департаменті басшылығы, аудан әкімдері, коммуналдық қызметтер мен құрылыс компаниялары және пәтер иелері кооперативтерінің өкілдерімен шұғыл кеңес өткізіп, күшейтілген жұмыс режиміне көшуді тапсырды.

Тәулік бойы соққан ақтүтек боран қала көшелерін қарға көміп тастады. Қала көшелерімен жүру жаяуға да, көлік жүргізушілеріне де оңай болмай тұр. Нұр-Сұлтан көшелерінде қарға батқан жеңіл көліктердің саны шаш етектен. Тіпті, қалың қардан қозғала алмай қалған қоғамдық көліктер де бар. Қиын жағдайда қалған жүргізушілерге елордалық полицейлер, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері дер кезінде көмек берді.