23.01.2020, 22:24
Оқиғалар
Көкшетауда студент университет терезесінен секіріп кетті
Ол ауруханаға жеткізілді
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің екінші курс студенті оқу орнының алтыншы қабатынан секіріп кетті. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі baigenews.kz-ке сілтеме жасап.
ЖОО бұл ақпаратты растады. Оқиға үзіліс кезінде болған.
«Студент терезені сындырып, артынша секіріп кеткен. Қасындағы адамдар оны ұстап қалуға тырысқанымен, бұдан еш нәтиже шықпады», - дейді университет өкілдері.
Университет өкілдерінің айтуынша, студент «Экология» мамандығы бойынша екінші курста оқиды.
Полиция департаменті мен Денсаулық сақтау департаменті оқиға туралы толық ақпарат кейінірек жарияланатынын мәлімдеді.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
15.08.2026, 08:24
Түркістан облысының тұрғыны сәбиін өлтіргені үшін бас бостандығын шектеу жазасын алды
15.08.2026, 10:00
Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне құттықтау хатын жолдады