Жыл басынан бері 67 мың долларға жалған ақша жасалған

Azattyq Rýhy

Осы жылдың бірінші тоқсанында жалған ақша жасаудың 12 дерегі тіркелді

 

 

Жыл басынан бері 67 мың долларға жалған ақша жасалған
Фото: kazday.kz

Осы жылдың 1 тоқсанында Қаржы мониторинг агенттігінің аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері жалған ақша жасаудың 12 фактісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Оның ішінде 7 жағдай Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстанда 2 және Маңғыстау облысында 2 жағдай, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тағы бір фактіден тіркелді», - делінген агенттік хабарламасында.

Қабылданған шаралардың арқасында жалған банкноттардың сатылып кетуіне жол берілмеді. Олардың жалпы саны 67 мың АҚШ долларын құрайтын 1200 данадан асады.

«Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында жалған шетел валютасын сақтау және сатумен айналысқан тұлғалар ұсталды. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 55 700 АҚШ доллар, номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын 1114 жалған банкнот тәркіленді. Тергеу нәтижесі сотқа жіберілді», - делінген хабарламада. 

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды абай болуға және валютаны ауыстыру кезінде қолданыстағы заңнаманын нормаларына сәйкес тек екінші деңгейлі банктерге немесе ресми айырбастау пунктеріне жүгінуге шақырады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.