$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2022, 10:32
Оқиғалар

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов қамаудан босатылды

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов қамаудан босатылды
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Бұл туралы ҚР ІІМ тергеу департаментінің әскери тергеу басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қарақұловты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау қажеттілігінің болмауына байланысты Бас прокурордың көмекшісінің қаулысымен уақытша ұстау изоляторынан босатылды», - деп хабарлады ҚР ІІМ Тергеу департаментінің әскери тергеу басқармасы

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Еске салсақ, 19 сәуірде прокуратурамен келісім бойынша Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс аясында қылмыстық кодекстің 453-бабы бойынша күдікті деп танылған Қайдар Қарақұлов уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Ол 15 наурызда Мемлекет басшысының өкімімен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

 
Серіктес жаңалықтары