$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2022, 09:29
Оқиғалар

Павлодарда тағы бір мектеп өртенді

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды

Павлодарда тағы бір мектеп өртенді

Павлодарда тағы бір мектеп өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт №28 ЖОББМ-де басталған.

"Сағат 8:04-те Торайғыров көшесі, 24 мекенжайы бойынша өрт шықты. Екінші қабатта шатыр жанды, Оқиға орнында ТЖ департаментінен 50 қызметкер және 12 техника, апаттық медицина орталығынан - 4 қызметкер және бір техника жұмыс істеді", – деді  - деп толықтырды ведомствода.

Төрт қабатты № 28 жалпы орта білім беру мектебінің екінші қабатында шамамен 200  шаршы метр алаңда өрт  болды. 

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды.

Еске сала кетейік, 15 сәуірде Павлодар қаласының №1 ЖОББМ-де өрт шыққан болатын. Салдарынан бес оқушы ауруханаға түсті. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, қасақана өрт қойылған. 

Серіктес жаңалықтары