Ақтөбеде 100-ден астам үйге су кірген

Azattyq Rýhy

Мұның басым бөлігі бау-бақша ұжымдарындағы шағын үйлер

Ақтөбеде 100-ден астам үйге су кірген
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде 113 үйге су кірген, деп хабарлады "Хабар24"

Қала іргесінен ағып жатқан Жіңішке және Песчанка өзендерінің суы көтерілді. Эвакуацияланған үш жүзге жуық тұрғынның жартысы туған-туыстарын паналап жүрсе, қалғаны қаладағы төрт мектеп пен бір спорт нысанында тұрып жатыр. Республикалық деңгейдегі екі жол мен облыстық және жергілікті маңызды біраз жолды су шайып кеткені анық. Салдарынан жеті ауылмен қатынас үзілген. Тұрғындарды қолдау аудандық деңгейдегі атқарушы органдарға жүктелген. 

Ал, тасқынмен күреске төтенше жағдай қызметінің техника және қызметкерлерінен өзге, ұлттық ұланның сарбаздары да тартылды. Мамандардың болжамы бойынша, өзен-көлдердегі су деңгейі бір тәулікте қалыпқа түседі. Апта соңында жағдай толық тұрақталуы мүмкін.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.