$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.04.2022, 17:19
Оқиғалар

Жамбылдық тұрғыннан 8 қару, граната және 400-ге жуық патрон алынды

Барлық қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды

Жамбылдық тұрғыннан 8 қару, граната және 400-ге жуық патрон алынды

Жамбылдық полицейлер сегіз қару, граната және 400-ге жуық патрон тапты, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарулардың орнын анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«28 наурыз бен 1 сәуір аралығында Жамбыл облысының аумағында сегіз қару, гранаталар, түтінді жарғыштар және 397 түрлі калибрлі патрондар табылып, тәркіленді. Олардың ішінде автомат, 6 тапанша, бір тегіс ұңғылы шолақ мылтық бар», - делінген ПД хабарламасында.

Мысалы, 29 наурызда Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны үйінде сақтап қойған атыс қаруын өз еркімен берген. Қару-жарақтың ішінде төрт Макаров тапаншасы, MТ-ның 9 оқ жатары, 7,62 калибрлі 120 патрон және 12 калибрлі 11 патрон болған.

Барлық қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адамның, егер оның басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

  

Серіктес жаңалықтары