Алматыда 8 жасар қызды тонаған күдікті ұсталды

Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Алматыда 8 жасар қызды тонаған күдікті ұсталды

Алматыда 8 жасар қызды тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы қылмыс туралы полицияға қыздың анасы хабарлаған. Әйелдің айтуынша, қаладағы дәріханалардың бірінде белгісіз ер адам оның кішкентай қызының құлағындағы сырғасын шешіп алған.

«Бөтеннің мүлкін ашық түрде ұрлау дерегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбада қаскөйдің баланың құлағынан сырғасын қалай алып жатқаны көрсетілген. Ең алдымен, белгілер бойынша күдіктінің жеке сұлбасы құрастырылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында біздің бөлімшенің қызметкерлері сол күні 49 жастағы К.есімді қала тұрғынын ұстады. Күдікті қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оның жеке басы бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр», – деді Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.