Антикор қызметкерін 35 мың долларға сатып алмақ болған азамат ұсталды
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жеке қауіпсіздік департаменті өзгенің 35 000 АҚШ доллары мен 1 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен және бопсалау арқылы иемденіп кеткен азаматты әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Т. есімді азамат аталған соманы «күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен алып тастау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкеріне беремін» деп Б. есімді азаматты алдап алған.
«2022 жылғы 18 наурызда Т. есімді азаматқа қарсы «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу аясында жария етілмейді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлыққа қарсы, оның ішінде өз қатарында да ымырасыз күрес жүргізеді», - делінген хабарламада.
Егер сіз Агенттік қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттерге, сондай-ақ ведомство мәртебесін алаяқтық мақсаттарда пайдаланатын тұлғаларға тап болсаңыз, келесі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ЖҚД, 8 7172 - 90 93 72 (37); еmail uvb@antikor.gov.kz; Call Center: 1424.