$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.03.2022, 23:23
Оқиғалар

Алматы облысында атысқа қатысты деген күдікпен 17 адам ұсталды

Сондай-ақ мемлекетаралық іздеудегі үш адамның осы төбелеске қатысқаны анықталды

 

 
Алматы облысында атысқа қатысты деген күдікпен 17 адам ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған ауылының маңында 30-ға жуық адам жаппай төбелескен. Төбелес кезінде оқ тиген бірі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 7 наурызда болған.  

«Оқиға болған жерді тексеру кезінде криминалистер мылтық, тегіс ұңғылы және травматикалық қарудан атылған көптеген оқ-дәрі тапты. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қоғамдық резонанс тудырған атыс фактісі бойынша қылмыстық заңнаманың бірнеше баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауына алынды», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда өңірдегі полиция 17 күдіктіні ұстады, оның ішінде 16-сы қамауға және біреуі үй қамаққа алынды. Сондай-ақ мемлекетаралық іздеудегі үш адамның осы төбелеске қатысқаны анықталды.

Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, "Атыс қаруын қолдана отырып, бұзақылық жасау", 380-баптың 1-тармағы, "Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қауіп төндіру", 24-99-баптар, "Адам өлтіруге оқталу" бойынша айып тағылды.

Төбелеске қатысушылардан түрлі калибрлі 12 атыс қаруы тәркіленіп, олар заттай дәлел ретінде қылмыстық істер материалдарына қоса тіркелді. Сондай-ақ сегіз автокөлік (Lexus, ВАЗ, Mercedes-Benz, Toyota және т.б.) тәркіленді, олар қажетті сараптамалар жүргізу үшін арнайы тұраққа қойылды.

Қылмыстық тергеу шеңберінде полиция қызметкерлері аталған оқиғаға қатысушы өзге күдіктілерді анықтау және іздеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда.

Серіктес жаңалықтары