$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.03.2022, 13:49
Оқиғалар

Семейлік жігіт танысының атынан тауарлық несие рәсімдеп алған

21 жастағы күдікті ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр 

Семейлік жігіт танысының атынан тауарлық несие рәсімдеп алған
Фото: ашық дереккөзден

Семейлік жігіт танысының атынан тауарлық несие рәсімдеп алған, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ақпан айының ортасында Семей қаласы ПБ Затон полиция бөлімінің 102 жедел арнасына 19 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, өткен жылдың шілде айының соңында танысы материалдық көмек көрсетемін деген сылтаумен алдап, оның атына шамамен 690 мың теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеп, ақшасын иемденіп алғанын айтқан. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 21 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде ол кінәсін мойындап, ұрланған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсағанын түсіндірді. 

Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары