$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.03.2022, 09:44
Оқиғалар

Павлодар облысында ауыр қылмыс үшін іздеу салынған 13 адам ұсталды

Олар «Іздестіру» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қолға түсті

Павлодар облысында ауыр қылмыс үшін іздеу салынған 13 адам ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында 13 қылмыскер іздестіріліп ұсталды. Оның ішінде сегіз қылмыскерге Ресей Федерациясының полиция қызметкерлері іздеу салған, төртеуі ауыр қылмыс жасаған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Өңірлік  полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция батальонының инспекторлары облыс орталығында Ресей Федерациясының Новосібір қаласындағы әріптестері іздестіріп жатқан 2000 жылы туған қылмыскердің тұрған жерін анықтаған.  

"Ер адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін іздестірілді, оған қатысты қылмыстық іс Қылмыстық Кодекстің 115-бабы бойынша қозғалды. Алайда ол қылмыстық қудалаудан қашып кеткен", - деді полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 61 жастағы азаматы анықталды, оны Омбы облысы бойынша полиция 2014 жылдан бастап мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін іздестіруде. Оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 322-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізілді.

Айта кетейік, «Іздестіру» жедел  алдын алу іс-шарасы барысында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы қала тұрғынының орналасқан жері анықталды, полицейлер оның құрбыларымен пәтер жалдап тұрғанын анықтады. Бойжеткеннің ағасы полицияға жүгінген, себебі, ол 2 наурыздан бастап  туыстарымен байланысқа шықпай қойған. 

Серіктес жаңалықтары