17.03.2022, 09:22
Оқиғалар
Ақтөбе облысында майнингке арналған құрылғыларды әкетпек болғандар ұсталды
Тәркіленген жүктің құны шамамен 80 млн теңгені құрайды
Ақтөбе облысында майнингке арналған құрылғыларды әкетпек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы бойынша департаментінің шекарашылары «Жайсаң» автомобиль өткізу пунктінде ҚР-дан Ресей Федерациясына шығатын жерде «DAF» маркалы автокөлікті ұстады. Көлік құралын толық тексеру кезінде ҚР-дан ілеспе құжаттары жоқ саны 813 қорап қоректендіру кабельдері бар «Avalon» майнингке арналған жабдығы табылды.
Алдын ала бағалау бойынша ұсталған жүктің құны шамамен 80 млн теңгені құрайды.
Барлық техника процессуалдық шешімдер қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша ЭТД-ға тапсырылды.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 13:54
Оралда адам өмірін құтқару үшін жол ережесін бұзған жүргізуші айыппұл төлемейтін болды