17.03.2022, 08:56
Оқиғалар
Украинада әскери қимылдан 117 аурухана қираған
Оның жетеуі жөндеуге келмейді
Фото: ашық дереккөзден
Украинада соғыс басталғалы 117 аурухана қираған. Оның жетеуі жөндеуге келмейді. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды "Хабар24".
Ведомство деректеріне сәйкес, 40-тан аса жедел жәрдем көлігі қираған. Қазір көп елдер Украинаға көмектесіп жатыр. Мәселен, Израиль елдің батысында құны 6,5 миллион доллар болатын дала госпиталін жасақтамақ. 8 жедел жәрдем көлігін сыйға тартқан. Дания билігі де осындай шешім қабылдады.
Жалпы қазір Украинаның денсаулық сақтау мекемелеріне шетелден келген 100-ден аса медицина маманы жұмыс істеп жүр.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды