$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.03.2022, 12:07
Оқиғалар

Мұғалімге айғайлап, балағат сөз айтқан оқушыға шара қолданылды – БҒМ

Талдықорған қаласында болған оқиға туралы Білім министрлігі пікір білдірді

Мұғалімге айғайлап, балағат сөз айтқан оқушыға шара қолданылды – БҒМ
стоп-кадр

Алматы облысы Талдықорған қаласындағы №4 мектепте болған оқиғаға қатысты Білім және ғылым министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«11 наурыз күні биология сабағында 2005 жылы туылған оқушы мұғаліммен қатты дауыспен балағат сөздер айтып сөйлескен. Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазған.

Қазіргі таңда оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды», - делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

Ведомство өкілдері кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеті үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылғанын атап өтті.

«Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады.

Айта кетейік, мұғалімдерге деген мұндай көзқарасқа жол берілмейді. Тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да балалармен қоғамда өзін қалай ұстау керегі туралы әңгімелер жүргізуі маңызды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары