$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.03.2022, 13:57
Оқиғалар

ШҚО-да ішімдік талап еткен ер адам егде жастағы әйелді соққыға жыққан

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр

ШҚО-да ішімдік талап еткен ер адам егде жастағы әйелді соққыға жыққан
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-да 62 жастағы зейнеткерді соққыға жыққан азаматқа іс қозғалды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың ақпан айының басында Глубокое ауданының полиция бөліміне 62 жастағы зейнеткер жүгінді. Ол түнде оның 34 жастағы танысы үйге кіруге қарсылық білдіргеніне қарамастан, үйіне заңсыз баса-көктеп кіріп, оған дене жарақаттарын түсіргенін хабарлаған.

Жауап алу кезінде ер адам жәбірленушіге алкогольдік сусын сұрап келгені анықталды. Алайда, сұрағанын бермегені үшін, ашуланған азамат қорғансыз әйелге шабуылдап, аяусыз соққыға жығып, қолындағы темір затпен бірнеше рет ұрып жіберген. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындаған.

Бүгінгі күні ұсталған азамат ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 149-бабы 2-бөлігі «Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары