09.03.2022, 10:52
Оқиғалар
Семейде монша кешені өртенді
Құтқарушылар екі адамды құтқарды
Семейде монша кешені өртенді, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 7 наурызында Семейде Қаржаубайұлы көшесі бойында орналасқан екі қабатты монша кешенінде өрт шыққан.
Құтқарушылар келгенде моншаның бу бөлмесі өртенген. Қызыл жалынға оранған орынжайдан екі адам шығарылды. Құтқарушылармен 15 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау сөндірілді. Тілсіз жауды жоюға жеке құрамнан 35 адам және 8 бірліктегі техника жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды