09.03.2022, 10:31
Оқиғалар
Павлодар облысында автокөлік жылқыны қағып кетті
Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында автокөлік жылқыны қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Омбы – Майқапшағай тас жолының 530-шы шақырымында болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 наурыз күні сағат 00.20-да Аққулы ауылынан 10-шы шақырымында «LADA Kalina» автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі жылқыны қағып кеткен.
Салдарынан 1999 жылы туған жолаушы жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Көлік арнайы айып тұрағына қойылып, аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды