$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаралы қаңтар оқиғасына қатысты 62 адам сотталды

Бас Прокуратура мен Ішкі істер министрлігі қаңтар оқиғасына қатысты кезекті мәлімдемелерін жасады

Қаралы қаңтар оқиғасына қатысты 62 адам сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қаралы қаңтар оқиғасына қатысты 62 адам сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бірақ, бұл жолы да уәкілетті органдар қаза тапқандардың нақты саны мен адам өлтіру бабы бойынша кімдер ұсталғанын хабарлаған жоқ. 

Бас Прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, осы оқиғаларға қатысты жедел-тергеу топтарының өндірісінде сотқа дейінгі 3 666 тергеу жатыр. 

“Терроризм актілері мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы істерден басқа, тонау, ұрлық, қаруды ұрлау, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық фактілері тергелуде”, - дейді ол.   

Ал, осы санаттан 162 айыпталушыға қатысты 101 қылмыстық іс сотқа жолданса, 62 адам жазасын алған.

Серіктес жаңалықтары