$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.02.2022, 16:06
Оқиғалар

Алматыда алаяқтық жолмен кәсіпкерлерден ақша талап еткендер ұсталды

Наурызбай және Әуезов аудандарында зардап шеккен 30-дан астам кәсіпкер анықталды

Алматыда алаяқтық жолмен кәсіпкерлерден ақша талап еткендер ұсталды

Алматы қаласы прокуратурасының бизнес құқығын қорғау жөніндегі мобильді тобы бақылаушы органдар түріндегі кәсіпкерлердің ақшасын жымқырған алаяқтар тобының жолын кесті. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, «Нұр-СұлтанПром безопасность» ЖШС қызметкерлері өздерін ТЖ органдарының мамандары ретінде таныстыра отырып, бизнес субъектілерін жаңылыстырып, тексерулер жүргізумен айыппұл салу қаупін келтіріп, кәсіпкерлерді өртке қарсы қауіпсіздік қызметтері үшін 60 мың теңгеге дейін төлеуге мәжбүр еткен.

Мұндай қылмыстық схема жүйелі түрде жасалған.

«Тек қазіргі уақытта Алматының Наурызбай және Әуезов аудандарында зардап шеккен 30-дан астам кәсіпкер анықталды. Мұндай заңсыз іс-әрекеттер бизнеске қысымды төмендету бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік шаралардың беделін түсіреді және оларға нұқсан келтіреді.

Естеріңізге сала кетсек елімізде 2023 жылға дейін ШОБ субъектілерін тексеруге мораторий қолданылады.

Аталған фактілер бойынша Наурызбай ауданының прокуратурасы қылмыстық істі қозғауға бастамашылық етті, нәтижесінде алаяқтық жасады деген күдікпен 1991 және 1995 ж.т. екі азамат ұсталды, олар соттың санкциясымен қамауға алынды», - делінген ведомство хабарламасында.

Қаланың басқа аудандарының кәсіпкерлері заңға қайшы әрекеттерге ұшырауы мүмкін екенін ескере отырып, мұндай жағдайлар бойынша Наурызбай ауданының Полиция басқармасына мына нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 254-44-62, 8-747-297-37-26, немесе прокуратураның мобильді тобына: 8-701-775-55-00.

Сонымен бірге 2021 жылы прокуратураның мобильді тобына кәсіпкерлерден 218 сигнал келіп түсті, олар бойынша прокурорлық қадағалаудың 8 актісі енгізілді, 1,5 мыңнан астам құқық қорғалды, 39 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 26 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 120 заңсыз тексеру жойылды.

Серіктес жаңалықтары