$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.02.2022, 15:35
Оқиғалар

Павлодарда адам қағып, қашып кеткен автобус жүргізушісі ұсталды

Оқиға 3 ақпан күні Жетекші кентінің аумағында болған

Павлодарда адам қағып, қашып кеткен автобус жүргізушісі ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда адам қағып қашып кеткен автобус жүргізушісі ұсталды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына кінәлі адам одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 ақпан күні бейтаныс жүргізуші белгісіз автокөлікпен Жетекші кентінің аумағында 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. 

"Салдарынан жаяу жүргінші ауыр жарақатпен қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Полиция қызметкерлері куәгерлерді анықтау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Көшедегі бақылау камераларының жазбалары зерттелді. Нәтижесінде жол апатына кінәлі жүргізуші анықталды. Ол қалалық автобус парктерінің бірінің жүргізушісі болып шықты. 60 жастағы жүргізуші көше қиылысына келе жатып, темекіні алу үшін бір секундқа бұрылғанда жаяу жүргіншіні байқамағанын айтып ақталды", – деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Медет Қайырбеков.

Тәртіп сақшысы жол-көлік оқиғасы кезінде жол апатына қатысы бар жүргізуші дереу тоқтап, авариялық сигнализацияны қосуға және авариялық тоқтау белгісін қоюға міндетті екенін еске салды. Егер де салдарынан адамдар қаза тапса немесе жарақат алса, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету үшін медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлерін шақыру қажет.

Серіктес жаңалықтары