$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.02.2022, 13:07
Оқиғалар

Павлодар облысында үш жасар баланы ұрған тәрбиеші жазаланды

Балабақша қызметкері айыппұл төлеуге міндеттелді

Павлодар облысында үш жасар баланы ұрған тәрбиеші жазаланды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар ауданы балабақшасының 26 жастағы тәрбиешісіне қатысты үш жасар баланың анасы шағым түсірді. Әйел 4 ақпанда баланың сандарынан екі рет ұрды деп айыпталды. Осыдан кейін бала балабақшаға барудан бас тартқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. 

"Баланың заңды өкілі сәбидің таңертең балабақшаға барғысы келмейтінін түсіндірді, себебі тәрбиеші оны санынан ұрған. Мектепке дейінгі мекемеде бейнежазбаны тексеру нәтижесінде  аталған мән-жайлар толығымен расталды", - деп хабарлады аудандық сотта.

Іс ӘҚБтК-нің 73-2-бабының бірінші бөлігі – «ұрып-соғу» бойынша қаралды. Сотта тәрбиеші кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады. Алайда баланың анасы татуласудан бас тартты. Ол балабақша қызметкерінің мұндай әрекетін орынсыз деп санайды.

Аудандық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәрбиеші қамауға алынбаған, өйткені ол 14 жасқа толмаған екі баланы тәрбиелеп отыр. Балабақша қызметкері 30 630 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Сотта аудандық білім бөлімінің атына жеке қаулы шығарылды, ал ведомство мұндай жағдай қайталанбауы үшін шаралар қабылдауы тиіс.

Серіктес жаңалықтары