Нұр-Сұлтаннан Алматыға бет алған пойыз шұғыл тоқтап, кері қайтарылды

Azattyq Rýhy

Пойыз тоқтатылған кезде ішінде 280 жолаушы болған

Нұр-Сұлтаннан Алматыға шыққан пойыз шұғыл тоқтатылып, кері қайтарылды. Бұған пойыздағы техникалық ақау себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап. 

«14 қаңтарда «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2» бағытында қатынайтын жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты «Бабатай-Аршалы» аралығында кідірді. Жолаушылар пойызы жүріп бара жатқанда «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Қарағанды бөлімшесінің Бабатай станциясының кезекшісі Қарлығаш Маусымбаева біртүрлі дыбыс естіген. Ол бұл туралы радиобайланыс арқылы пойыз машинисіне айтты. Пойыз сол мезетте шұғыл тоқтатылды», - деп хабарлады компания.

Пойызды тексеру кезінде вагонның дөңгелек жұптарының бірінен ақау анықталды. Бұл құрамның қозғалыс қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін еді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ақауды жою кезінде вагон-мейрамханада жолаушыларға тегін ыстық тамақ беріп, билетін қайтаруға мүмкіндік жасады. «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2» бағытына қатынайтын пойыз астанадан 2020 жылдың 15 қаңтары сағат 03.19-да жөнелтілген болатын», - делінген хабарламада.

Пойыз тоқтатылған кезде ішінде 280 жолаушы болған. Оның 62-сі Нұр-Сұлтан-1 станциясында билеттерін кері қайтарған, ал қалған жолаушылар сол пойызбен қайта жолға шықты.

«Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы-2» бағытына қатынайтын пойызға Қарағанды станциясынан кесте бойынша 105 жолаушы отыруы тиіс болатын. Алайда пойыз кешіккендіктен, 96 жолаушыны Қарағанды арқылы өтетін басқа пойыздарға бөліп отырғызуға тура келді. Ал 9 жолаушы билетін қайтаруды жөн көрді», - деді компаниядағылар.

Тасымалдау ережесіне сәйкес жолаушылар әр кешіккен сағат үшін билет құнының 3% мөлшерінде өтемақы ала алады. Сондай-ақ, жол жүруден бас тартып, билет құның 100% қайтарып алуына да болады. Ол үшін жолаушы межелі станцияға келген соң кезекшіден пойыздың кешіккендігі туралы белгі алуы керек және жол ақысын алу үшін «Жолаушылар тасымалының» кассасына жүгінуі тиіс.
 

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Абайдың 45 сұрағына белгілі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов жауап берді
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат