Алматыда бойжеткенді ұрлап әкетіп, жезөкшелікке мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды

Azattyq Rýhy

Атышулы қылмыстық істің барлық қатысушылары ұсталып, кінәларын мойындаған

КТК арнасының кадры

Алматылық 25 жастағы бойжеткенді ұрлап әкетіп, ұрып-соғып жезөкшелікке мәжбүрлеген топтың тағы екі мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  қалалық Криминалдық полиция басқармасының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Атышулы қылмыстық істің барлық қатысушылары ұсталып, кінәларын мойындады. 1994 жылғы К. есімді азаматшаны ұрып-соғып, қорқытып ұстау дерегіне тікелей қатысы болған 1995 жылғы қыздар ұсталды», – делінген ведомство хабарламасында.

Қылмыстық топтың құрбаны болған бойжеткен бұрындары өзін қамап ұстаған үйде Камилла және Аида есімді қыздардың денесінің сау-тамтығын қалдырмай тепкілеп, соққыға жыққанын айтқан еді.

Айта кетсек, 15 қаңтар күні полиция сондай-ақ, бойжеткенді зорлықпен ұрлап әкетіп, қамауда ұстаған 1996 және 1972 жылғы екі ер адамды қолға түсірген еді.

‡àãðóçêà...
Сұхбат
Абайдың 45 сұрағына белгілі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов жауап берді
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат