$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.01.2020, 04:13
Оқиғалар

Алматыда бойжеткенді ұрлап әкетіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Бойжеткенді қамауда ұстағандардың бірі оның бұрынғы жеңгесі екен

Алматыда бойжеткенді ұрлап әкетіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген
Виедодан кадр

Алматыда 25 жастағы бойжеткен өзін біреулердің ұрлап әкетіп, жөзекшелік жолға түсірімек болғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Денесінің сау-тамтығы қалмай таяқ жеген жәбірленушінің айтуынша, оны әуелі бір үйде соққыға жығып, кейін жеңілжүрісті қыздардың ордасына алып барған. Ең сорақысы, бойжеткенді екі күн қамауда ұстағандардың бірі оның бұрынғы жеңгесі екен.

Қатты соққыдан есеңгіреп әрең тілге келсе де, жәбірленуші полицейлерге өзін қай жерде және кімдердің қамап ұстағанын көрсетіп берді. 

«Зорлық-зобылықтың құрбаны болдым» деген 25 жастағы бойжеткеннің денесінің сау-тамтығы қалмаған: басы жарылып, үсті-басы түгел көгеріп, қанталап кеткен. Ауыр соққыдан есеңгіреп, әлсіреп қалыпты. Солығын баса алмаған бойжеткен сол күнгі оқиғаны қорқынышпен еске алады.

– Қарап тұрмаңдаршы, бәрің неге қарап тұрсыңдар?!. Тамақ ішетін ожаумен ұрып, тоқ ұзартқыштың бауымен буындырды, арқамнан аяқпен теуіп, қолымен ұрып, тізесін батырды...

– Кім деген ұрды?

– Камила мен Аида ұрды.

Бойжеткеннің айтуынша, жұмыстан қайтқан бетінде оны ұрлап кетіп соққыға жыққандардың бірі туысқан ағасының бұрынғы әйелі екен. Ең сорақысы, қорғансыз жанды аяусыз тепкілегендер оны қорқытып-үркітіп, жеңілжүрісті қыздардың қатарына қоспақ болыпты.  

«Жезөкше болып жұмыс жасайсың, істемесең, қағаздар жасап қойдым, апарып әке-шешеңе көрсетемін деді. Кешкісін мені Северное кольцо 32/Д немесе Г, сол мекенжайда автожуғыш бар, соның жертөлесінде жезөкшелер ұясы бар. Сол жерге алып барды», – дейді жәбір көрген қыз.

Осылайша екі күн құлдықта болған ол ретін тауып, түн ішінде жақындарына хабарласқан. Өзін қай жерде күштеп ұстап отырғанын айтып үлгеріпті. Бірақ айтылған мекенге тәртіп сақшыларымен бірге жеткен туысқандары үйге кіре алмай, кері қайтыпты. Ал істің насырға шапқанын түсінген сыбайластар ертеңіне оны «Сайран» автобекетіне ертіп әкелген.

«Толық қыз сіңілімді жетектеп қасында келді. Сіңілімді көрдім. Құшақтап амандасқанда, ол «Әпше, маған көмектесші, алып қашшы» деп жылады», – дейді жәбір көрген қыздың әпкесі.  

Алайда, үйге жеткенше белгісіз көлік аңдып келгенін айтқан әпкесі «сыртқа шығуға қорқамыз» дейді. «Екі жігіт торуылдап жүр» деген олар тек біздің көз алдымызда полиция шақырды. Ал тәртіп сақшыларына мән-жайды түсіндірген жәбірленуші өзін қай жерде күшпен ұстағанын көрсетіп берді.

Жәбірленуші көрсеткен үй маңайында әп-сәтте сақшылардың қарасы  көбейіп, тіпті оқиға орнына жедел тергеу тобы алып-ұшып жетті. Абыр-сабырды естіген көршілер бұл үйден талай рет жеңілжүрісті қыздарды көргенін айтады. Ал алғашында қақпасын ашудан бас тартқан үй иесі артынша полицейлерге тап берді. 

Полицейлер үйдің ішін тінтіп, бірнеше адамды Ішкі істер басқармасына алып кетті. Ал айдың-күннің аманында зорлық көрген бойжеткен әлі де қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жасырмады.

Серіктес жаңалықтары