$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.02.2022, 13:57
Оқиғалар

Павлодарда киім-кешек тиеген өзбекстандық көлік өртеніп кетті

Көлік жүргізушілері зардап шеккен жоқ

Павлодарда киім-кешек тиеген өзбекстандық көлік өртеніп кетті

Павлодардағы жолда Өзбекстанның киім-кешек артқан жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, оқиға Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолында орын алған.

«12 ақпан күні сағат 01:38-де өрт туралы хабарлама келіп түсті. Renault Premium жүк көлігі киім-кешек артқан тіркемесімен бірге толығымен жанып кетті. Жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ», - деді департаментте.

Жүк көлігі Өзбекстаннан Ресей Федерациясына бағыт алып бара жатқан. Көліктің екі жүргізушісі Қалқаман кентіндегі жылыту пунктіне жеткізілді.

«Өрт сағат 05:00-де жойылды. Апаттың алдын ала себебі, электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Келтірілген шығын анықталуда», - деді департаментте.

Оқиға орнына ТЖД жеке құрамының 16 адамы мен 3 техникасы, «102» қызметі, Қалқаман кентіндегі жол медициналық-құтқару пункті жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары