Жамбыл обылысында қарындасын 6 жыл бойы азаптап келген жігіт сотталды
Бұл сұмдық оқиға 7-сынып оқитын жеткіншек жүкті болып қалған соң анықталған
Жамбылда алты жыл бойы қарындасын зорлап келген азғынға қатыста сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Кінәсі толық дәлелденген 22 жастағы қаскөй енді 15 жылын қатаң режимдегі түрмеде өткізетін болады.
«Қыздың көрсетуінше, ол қылмыстық әрекетін үйде ешкім жоқта жасап келген. Әрдайым сол әрекетін қайталап отырған. Бастапқыда қыз оны түсінбеген. Өйткені, кіші сыныптарда оқыған. Ол «басқаларға айтсаң айта бер, бірақ өзің кінәлі болып қаласың» деп кішкентай қызды қорқытып отырған», – деді судья Ләззат ИЛЬЯСОВА.
Бұл сұмдық оқиға 7-сынып оқитын жеткіншек жүкті болып қалған соң анықталған.
Қызының аяғы ауыр болып қалғанын байқаған анасы оны дәрігерге апарады. Сұрақтың астына алған анасына қызы өзінің ағасынан жүкті болғанын айтады.
Дереккөз: аstanatv.kz