$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2020, 01:02
Оқиғалар

Жамбыл облысында 2 теміржолшыны пойыз басып кетті

Сондай-ақ, Павлодарда ер адам тепловоз астына түсіп, мерт болды

Жамбыл облысында 2 теміржолшыны пойыз басып кетті
фото: LiveJournal

Жамбыл облысы Бел теміржол станциясында екі теміржол қызметкерін пойыз басып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  тілшісі облыстық полиция депар таментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қаңтар күні болған қайғылы оқиға салдарынан 33 және 44 жастағы теміржолшылар қаза тапқан.

Жұмысшылардың пойыз астына қалай түсіп қалғаны қазірше белгісіз. Белгілісі, олар рельс бойын тазалап жүрген. Оқиға орнына Шу теміржол станциясы полициясының жедел тергеу тобы шақыртылған.

«Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта облыстық полиция департаметінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Айта кетсек, 14 қаңтар күні таңғы уақытта Павлодарда да осыған ұқсас қайғылы оқиға болды. Теміржолды кесіп өтпек болған тұрғын тепловоз астына түсіп, мерт болған. Қазірше марқұмның жеке тұлғасы әлі анықталған жоқ. Тек белгілісі, ол  40-тар шамасындағы ер адам.

Павлодар облысындағы теміржол бойында жыл басынан бері 5 адам өлімі тіркелсе, өткен жылы 100-ге тарта қайғылы оқиға болған. Ал 25 мыңнан астам адам белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылған.

Мамандар теміржолдағы қайғылы жайттар адамдардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан болатынын айтады.  
 

Серіктес жаңалықтары