ШұғылҚазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 232 адамға жетті

СҚО-да мас жүргізуші көлігімен адам қағып өлтірді

Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданына қарасты Дубровное елді мекенінің тұрғыны көлікпен ауылдасын соғып кеткен. Ауыр соққының салдарынан 33 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды. Медициналық куәландыру күдіктінің сол сәтте мас болғанын көрсетті. Айыпталушының жүргізуші куәлігі де ешқашан болмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 қаңтар күні кешкі тоғыз шамасында Дубровное ауылының үш тұрғыны істен шыққан «ВАЗ 2106» машинасын «ЗИЛ» жүк көлігіне тіркемек болған. Олардың жанынан өтіп бара жатқан «УАЗ» көлігі арқанды байламақ болып еңкейіп тұрған «ВАЗ 2106» көлігі мен оның иесін соғып кеткен. Ауыр соққының кесірінен 1986 жылы туған азамат оқиға орнында көз жұмған. Медициналық куәландыруға сәйкес күдіктінің мас болғандығы дәлелденді. Тексеріс жұмыстары барысында жүргізушінің көлік басқаруға құқық беретін куәлігі ешқашан болмағандығы анықталды. Ол өткен жылы темір тұлпарды құжатсыз тізгіндегені үшін әкімшілік жауапкершілікке де тартылған. 

Жол көлік оқиғасы бойынша күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Мас жүргізуші ҚР Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгертулерге сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

«Заңнамаға енгізілген өзгертулерге сәйкес жол-көлік оқиғасының туындауына себепші тұлғалар мас болса, жеке жауапкершілік қарастырылады. Оларға қатысты қолданылатын жаза қатаңдай түсті. Екі немесе одан да көп адам өліміне себепші болған мас жүргізушілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы ықтимал. Мас күйінде рөлге отырғандар өмір бойына көлік  жүргізу құқығынан айрылуы мүмкін», - дейді СҚО Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайрат Қасымбеков.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Сұхбат
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады