«Алматы-2» вокзалы ғимаратының қасбеті ер адамның үстіне құлап кетті

Дәрігерлер зардап шегушінің денсаулығына қатысты түсінік берді

«Алматы-2» теміржол бекеті қасбетінің беткі қабаты қирап, ер адамның үстіне құлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы жәбірленушінің қазіргі жағдайына қатысты түсінік берді.

«Науқас ауыр жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына түсті. Ол ауыр жарақаттармен (жабық бас миы жарақаты, көптеген қабырғаларының сынуы, екі өкпесінің зақым алуы, плевропульмоналды шок, омыртқаның жұлын жарақаты, жамбас сүйегінің шытынап сынуы, травматикалық шок) түскен. Дәрігерлер жансақтау бөлімінде оған диагностикалық және емдік шаралар жасады. Барлық медициналық көмек дер кезінде және толықтай көрсетілді», - деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

«Қазіргі уақытта науқастың барлық емдеу процедуралары мен алдағы уақыттағы жағдайы туралы мәліметтермен оның туыстарын хабардар еттік», - деп атап өтті дәрігерлер. ілді, түсіндіру жұмыстары

Көлік полициясы департаменті аталмыш деректі растап, ҚР Қылмыстық кодексінің 278-бабының 1-тармағына сәйкес «Нашар құрылыс» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сараптама тағайындалды.

Сұхбат
«Туристік қамқор» басшысы Асылхан Есіловпен сұхбат
Түркиядағы қазақ журналисі шетел асқысы келетін жастарға кеңесін айтты