18.01.2022, 23:32
Оқиғалар
Алматының бас полицейінің атынан жалған аккаунт ашылған
Бұл туралы Қанат Таймерденовтың өзі ескертті
Фото: Алматы қ. ПД
Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов оның атынан белгісіз біреулердің Instagram әлеуметтік желісінде аккаунт ашып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол бұл туралы Facebook-парақшасында ескертті.
«Қайырлы түн, достар! Назарларыңызды Инстаграм әлеуметтік желісінде белгісіз адамдардың менің атымнан жалған аккаунт ашқанына аударғым келеді.
Менің тек «Фейсбук» желісінде ғана қызметтік парақшам бар екенін ресми түрде хабарлаймын, ол арқылы азаматтармен байланыс орнаттым», - деп жазды Қанат Таймерденов.
Алматы қалалық ПД басшысы әлеуметтік желілерді пайдаланушылардан ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды