$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2022, 22:51
Оқиғалар

Нұр-Сұлтан әуежайында Алматыдағы митингке қатысқан күдіктілер ұсталды

Олар Ресей Федерациясына кетуге бағыт алған сәтте қолға түсті

Нұр-Сұлтан әуежайында Алматыдағы митингке қатысқан күдіктілер ұсталды

16 қаңтар күні «Нұр-Сұлтан» Шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері Астана әуежайының нысандарын күзету мен қорғауды жүзеге асыру кезінде мінез-құлық белгілері бойынша Ресей Федерациясына кетуге бағыт алған 2 қазақстандық азаматты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілердің жүгі мен қол жүгін тексеру барысында пышақтар, кастеттер мен кісендерден тұратын суық қару түрлері табылды.

«Тексеру барысында олардың ұялы телефондарынан Алматы қаласындағы митингтерге, демонстрациялық әрекеттер мен бұзақылықтарға қатысқанын растайтын бейнежазбалар табылды», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Ұсталғандар әрі қарай жауапкершілікке тарту үшін полицияның желілік бөлімінің қызметкерлеріне берілді.

«Бұдан басқа, Ташкент – Нұр-Сұлтан қатынасындағы халықаралық рейсті рәсімдеу  кезіндегі паспорттық бақылау жұмысының нәтижесінде жалған төлқұжаты бар Тәжікстан азаматы анықталды, ол шекараны заңсыз кесіп өту мақсатында құжаттағы өзінің анықтамалық деректерін әдейі өзгерткен», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік шекара бұзушы келген жағына қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары