$ 505.15  550.31  5.89
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.01.2022, 00:09
Оқиғалар

Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан бір адам қаза тапты

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды

Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан бір адам қаза тапты

Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

16 қаңтарда Lada Vesta автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі Хромтау ауданының тұрғыны Қарабұтақ кенті жағынан аудан орталығынан 40 км қашықтықта Хромтау қаласы бағытында келе жатып, жолдың тайғақ учаскесіндегі жол-метеорологиялық жағдайларын ескермей, қарсы қозғалыс жағына шығып кетіп, Ақтөбе қаласының 53 жастағы тұрғынының басқаруындағы Lada Priora автокөлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Priora автокөлігінің бір жолаушысы алған жарақатынан қайтыс болды, екінші жолаушы Хромтау қаласының ОАА хирургия бөлімшесінде жатыр», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары