$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.01.2020, 09:30
Оқиғалар

Мас күйінде көлік жүргізген қарағандылық 5 жылға сотталуы мүмкін

11 қаңтардан бастап алкогольді ішімдік ішіп, көлік жүргізу жауапкершілігін күшейтетін заң күшіне енді

Мас күйінде көлік жүргізген қарағандылық 5 жылға сотталуы мүмкін
фото: gig26.ru

Қарағандылық азамат осымен екінші рет мас күйінде көлік жүргізгені үшін бес жылға дейін сотталып, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін. Бұл туралы Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«11 қаңтарда полиция қызметкерлері Қарағанды ​​қаласында рөлінде 37 жастағы жүргізуші болған көлікті тоқтатты. Полиция қызметкерлері жүргізушіден ішімдік иісі шығып тұрғанын сезген. Ол 2018 жылы соттың шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылып, тағы да мас күйінде рөлге отырған», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Алмаз Саламатов.

Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды.

«Бұл азамат өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылып, бес жылға дейін сотталуы мүмкін», - деді Саламатов.

Серіктес жаңалықтары