$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.01.2020, 17:14
Оқиғалар

Қарағанды облысында сәбидің үстіне 6 литр ыстық су төгіліп кеткен

Қазір жансақтау бөлімінде жатқан баланың халі өте ауыр 

Қарағанды облысында сәбидің үстіне 6 литр ыстық су төгіліп кеткен

Қарағандылық дәрігерлер үстіне алты литр қайнаған су төңкеріп алған екі жасар ұл баланың өмірін арашалап қалу үшін қолдан келдерін аянбауда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі BaigeNews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Заречное ауылында болған. Ересектердің қарауынсыз қалған екі жасар сәби электр-шәйнектің сымын өзіне қарай тартып қалғанда, қайнап тұрған суымен бірге ыдыс баланың үстіне құлаған. Шәйнекте алты литр су болған.

Бала ауыр халде Қарағанды облысының балалар клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер бала денесінің 60 пайызын күйік шалғанын айтты. 

Қазір сәбидің туыстары қан тапсыру үшін донор іздеп, хабарландыру жариялады. 

«Мереке Еламанға қажетті құрамды алу үшін кез келген қан тобы қажет етіледі. Хабарламаны оқыған жандардан басымыздағы қайғыға немқұрайлы қарамай, қан тапсыру орталығына келіп, Мереке Еламан үшін қан өткізулеріңізді өтінеміз», – деп көмек сұрайды зардап шеккен баланың туыстары.   

Қазір құзырлы орган өкілдері баланың қандай жағдайда ауыр жарақат алғанын және сол сәтте оның ата-анасының қайда болғанын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары