12.01.2020, 16:39
Оқиғалар
Неміс футболшысы Аустралияда акулаға жем болды
Құтқарушылар Эрик Бригитти денесінің жартысын ғана тапқан
21 жастағы неміс футболшысы Аустралиядағы демалып жүрген кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Еurosport.ru сайтына сілтеме жасап.
Америкалық «Гастинг Бронкос» клубының футболшысы Эрик Биригитти достарымен бірге жартасты жағалауда серуендеп жүргенде, аяғы тайып, суға құлап кетіпті. Достары қанша көмекке ұмтылса да, судың қатты ағысы футболшыны теңізге қарай ағызып әкеткен.
Түнге қарай шақырылған құтқарушылар Эрик Бригитти денесінің жартысын ғана тапқан. Оны акулалар жеп қойған екен.
Құтқарушылар сондай-ақ, дайвингпен айналысып жүріп акулалар шабуылына тап болған тағы бір ер адамның сүйегін тапқан.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды