Қызылорда облысында қайғылы жол апатынан 8 адам қаза тапты

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Қызылорда облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жол-көлік оқиғасы 15 қаңтарда Шымкент – Самара тасжолының 1397 шақырымында Қызылорда облысының Арал ауданы Аралқұм елдімекенінің тұсында болған.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Жол апаты салдарынан 8 адам көз жұмды.

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр», - делінген ПД хабарламасында.

 Өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты Қызылорда облысының комендатурасы жүргізушілерді жылдамдық мөлшерін арттырмай, жолда жүру ережесін сақтауларын сұрайды. Қажетті ара қашықтықты ұстап, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол ережесін қатаң түрде ұстану қажеттігін ескертеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.