$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.01.2022, 11:42
Оқиғалар

Алматыда тонаушылар пәтерді ұрланған киім-кешек сақтайтын қоймаға айналдырған

Олар ұрланған заттарды қоқыс қапшықтарына салып қойған

 

Алматыда тонаушылар ұрланған киімдерді қоқыс қапшықтарына салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шаһардың Әуезов ауданының полиция қызметкерлері қылмыстық жолмен алынған заттарды уақытша сақтайтын қоймаға айналған пәтерді анықтады. Онда бес адам: үш қыз және екі жас жігіт болды.

«Күдіктілердің «Asia Park» сауда үйінде орналасқан бірнеше бутикті тонағаны анықталды», - делінген хабарламада.

Жеңіл ақшаға құныққандар сансыз киім мен аяқ киім, опа-далап және әйелдер аксессуарларын үптеп кеткен.

Олар ұрланған заттарды қоқыс қапшықтарына салып қойған. Көршілерінен алған тістеуік арқылы тауарлардағы магниттік жапсырмаларды алып тастаған.

«Ұсталғандардың ең кішісі 19 жаста, үлкені – 28-де. Олар – еліміздің басқа аймақтарынан келгендер», - делінген хабарламада.

Заттай айғақтар тәркіленді. Күдіктілер қамауға алынды.

 

Серіктес жаңалықтары