11.01.2022, 13:24
Оқиғалар
Алматыда тәртіпсіздік кезінде әскери КамАЗ-ды басып алған ер адам ұсталды
Күдікті «Өжет» ықшам ауданында ұсталды
Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде әскери КамАЗ-ды басып алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол 27 жастағы Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Айыпталушының тонауға да қатысы бар екені анықталды.
Алатау ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні «Өжет» ықшам ауданында ұстады. Одан қару-жарақ дүкенін тонау нәтижесінде ұрланған 30 патроны бар тегіс ұңғылы «Сайга» мылтығы тәркіленді.
Қылмыстық жолмен алынған тағы бірнеше атыс қаруын Алатау аудандық полиция қызметкерлері үш ер адамнан анықтады.
Қару-жарақ сататын дүкендерді тонау нәтижесінде олар «Аta-аrms», «Remington-700» және «Sauer-202» мылтықтарын оқ-дәрілерімен бірге заңсыз иемденген.
Күдіктілер қамауға алынды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды