Қытайдағы қауіпті вирус: алғашқы адам өлімі оқиғасы тіркелді
Коронавирустың жаңа түрімен алғаш ауырған адам қайтыс болды
Қытайдың Ухань қаласында коронавирустың жаңа түрімен алғаш ауырған адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Коронавирустың жаңа түрі деген алдын ала диагноз қойылған 41 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Олардың екеуі ауруханадан шықты, ал жетеуі ауыр халде жатыр. Бір адам қайтыс болды. Өзге науқастардың жағдайы тұрақты», – делінген хабарламада.
Сондай-ақғ қазіргі уақытта науқастармен қарым-қатынас жасаған 739 адам, оның 419-ы - медиктер, медициналық бақылауға алынған, олардың бойынан індетті жұқтыруға қатысты қандай да бір белгілер байқалмаған.
Еске салсақ, 2019 жылдың желтоқсан айының соңына қарай Қытайдың Хубэй провинциясына қарасты Ухань қаласында адам өміріне қауіпті пневмония вирусының пайда болғаны туралы хабар жер-жаһанды шарлап кеткен еді.
9 қаңтар күні қытайлық сарапшылар індетті коронавирустың жаңа түрі анықтаған.