$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.01.2020, 09:21
Оқиғалар

Маңғыстауда салафиттер ақша үшін адам ұрлаумен айналысқан

Салафиттер кейіннен ақша талап ету үшін адам ұрлаумен айналысқан

Маңғыстауда салафиттер ақша үшін адам ұрлаумен айналысқан
Фото: knb.gov.kz

Маңғыстау облыстық ҰҚҚД қызметкерлері «салафизм» деструктивті діни ағымын ұстанушылардың ақша талап ету үшін адам ұрлаумен айналысқан тобын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  Tumba.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Облыстық ҰҚҚ департамені атап өткендей, жедел іздестіру шаралары барысында Ақтау және Жаңаөзен тұрғындары, сондай-ақ, олардың өз кінәсін мойындап, куәлік еткен сыбайластары анықталып, қолға түскен.  

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту жұмыстары нәтижесінде экстремистік сипаттағы діни материалдар, сонымен қатар, қару табылып, тәркіленген.

«Күдіктілер қылмыстық істі тексеру аясында ҚР ҚК «Алдын ала келісім бойынша топ болып адам өміріне немесе денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық көрсетіп адам ұрлау және қару ретінде, сондай-ақ, арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін қару немесе қауіпті зат қолдану» бабы бойынша  қолға түсті», – деп пікір білдірді Маңғыстау облыстық ҰҚҚД өкілдері.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Серіктес жаңалықтары