09.01.2022, 10:13
Оқиғалар
Жамбыл облысында ірі көлемдегі қару-жарақ тәркіленді
Қаскөйлер қару-жарақты жаппай тәртіпсіздік кезінде қолданбақ болған
Фото ашық дереккөзден
Жамбыл облысында күштік құрылымдар жүргізген операция барысында ірі көлемде қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңір комендатурасының ақпарынша, 14 дана Калашников автоматы, 1 дана Драгунов снайперлік винтовкасы, 15 карабин, 8 патрон мен граната тәркіленді. Қаскөйлер бұл қару-жарақты Жамбыл облысының аумағында террористік шабуыл мен жаппай тәртіпсіздік кезінде қолдануды көздеген.
Тінту кезінде доллар мен қырғыз сомы да табылды. Басқыншылар бұл ақшаны митингке қатысатын студенттерге төлемекші болған. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адамдарға алкоголь мен есірткі берілген.
Жалпы, облыс бойынша 139 адам ұсталды, 29 блок бекет қойылды.
Көп оқылған
15.08.2026, 13:50
Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласының әрекеті мен 20 млн теңгеге қатысты дау туралы айтты
15.08.2026, 07:22
15 тамызда ауа райы қандай болады
15.08.2026, 06:17
Атырауда 8 магнит жұтып қойған тоғыз жасар қызға шұғыл ота жасалды
15.08.2026, 10:13
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
15.08.2026, 08:24
Түркістан облысының тұрғыны сәбиін өлтіргені үшін бас бостандығын шектеу жазасын алды
15.08.2026, 10:00
Тоқаев Үндістанның Премьер-министріне құттықтау хатын жолдады