$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2022, 11:10
Оқиғалар

Мемлекеттік шекарадан қару-жарақпен өтпек болған 300-ге жуық азамат ұсталды

Олар шекарадан автокөлікпен және жаяу өтуге тырысқан

Мемлекеттік шекарадан қару-жарақпен өтпек болған 300-ге жуық азамат ұсталды
Көрнекі фото

Қазақстанның шекарасы арқылы елден заңсыз кетуді көздеген 300-ге жуық азамат ұсталды. Олардан қару-жарақ пен ұрланған заттар анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрі міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев өзінің халыққа үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар шекарадан автокөлікпен және жаяу өтуге тырысқан. Алайда тәртіп сақшылары күдіктілерді дер кезінде ұстады.

«Олардан атыс қаруы, ұрланған материалдық құндылықтар, оның ішінде ұялы телефондар және отандық, сондай-ақ шетел валютасындағы қомақты ақша тәркіленді. Қазіргі уақытта елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру бойынша терроризмге қарсы операция жүргізу жалғасуда. Бүгінде еліміздің барлық өңірінде жағдай тұрақтанды. Құқық тәртібі күшімен әкімдіктердің барлық ғимараты бұзақылардан босатылды», - деді өз сөзінде Ерлан Тұрғымбаев.

Серіктес жаңалықтары