$ 495.28  538.32  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.01.2022, 16:57
Оқиғалар

Оралда жол апатынан зардап шеккен кішкентай қыз көз жұмды

Дәрігерлер екі күн бойы қыз баланың өмірі үшін күрескен

Оралда жол апатынан зардап шеккен кішкентай қыз көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Оралда жол апатынан зардап шегіп, жансақтау бөлімінде жатқан 8 жасар қыз көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қаңтарда Желтау (Свистун гора) аумағында жол апатынан жарақат алған сегіз жасар қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Дәрігерлер екі күн бойы қыз баланың өмірі үшін күрескен. 

«О бастан-ақ бала өте ауыр халде түскен еді. Жабық бас-ми жарақаты диагнозы болды, миы шайқалып, бас сүйегінің түбі сынған, комаға түскен. Өкінішке қарай, қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмадыә, - деп хабарлады департаменттегілер.

Оқи отырыңыз: БҚО-да жол-көлік апатынан бір күнде 5 адам қаза тапты

Еске салайық, 1 қаңтарда болған жантүршігерлік жол апат болып, Hyundai және Toyota көліктері соқтығысқан. Оқиға орнынан зардап шеккен тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, оның бесеуі балалар.

 
Серіктес жаңалықтары