Ақмолада із-түзсіз жоғалып кеткен бойжеткен іздестіріліп жатыр
26 жастағы қыз 3 қаңтар күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған

Ақмола полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 26 жастағы қызды іздестіруде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 қаңтарда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны жиені 11.07.1995 жылы туған Аида Таутекованы іздеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті. Ол осы жылғы 3 қаңтарында сағат 15:00-де үйден шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз.
Белгілері: бойы 165-170 см, дене бітімі тығыз, шашы ұзын, қоңыр.
Үстіне қара пехора, қара етік, шарф пен бас киім киген. Өзімен бірге қара түсті былғары сөмкесі мен ұялы телефоны болған.
Хабар-ошарсыз кеткен адамды іздеуге барлық жеке құрам мен берілген күштер бағытталған, адамдар көп жиналатын орындарда, сауда үйлері мен базарлар, қонақ үйлер, қараусыз қалған құрылыстар аумағында іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
«Бойжеткеннің қайда екені туралы ақпарат болса, Ақмола облысы ПД КПБ-не 8(7162) 29-93-72, 8-707-255-59-35 немесе «102» телефондары бойынша дереу хабарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.