$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.01.2022, 11:00
Оқиғалар

Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздік жайлы: 10-нан астам полиция көлігі өртенді

Әкім өз сөзінде мемлекет мүлкіне зиян келтіру, қоғамдық тәртіпті бұзу заң бойынша қудаланатынын айтты

Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздік жайлы: 10-нан астам полиция көлігі өртенді

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздік кезіндегі залал туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті жерлестер! Кеше Тараз қаласының орталық алаңында жиналғандардың алдына шығып сөз сөйледім, оларды сабырлыққа, тәртіпсіздікке бой алдырмауға, ортақ диалогқа келуге шақырдым. Өкінішке қарай, жүздеген жас қаланың басты көшелерімен жүріп өтіп, тәртіпсіздіктер мен заңсыздықтарға, бұзақылық әрекеттерге жол берді.

Нәтижесінде 10-нан астам полиция көлігі аударылып, өртенді, облыс әкімі аппаратының ғимаратына, орталық аумақтағы банк бөлімшесіне айтарлықтай зиян келді. Заң, тәртіп сақталуы тиіс», - деді Сапарбаев өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Әкім өз сөзінде мемлекет мүлкіне зиян келтіру, қоғамдық тәртіпті бұзу заң бойынша қудаланатынын айтты.

«Баршаңызды арандатушылыққа берілмеуге шақырамын! Заңсыз әрекеттер үшін жауапты екендеріңізді қатаң ескертемін!» - деп түйіндеді Сапарбаев.

Серіктес жаңалықтары