05.01.2022, 14:17
Оқиғалар
Алматыда жаппай тәртіпсіздіктен кейін 190 адам дәрігер көмегіне жүгінді
Зардап шеккен 7 адам реанимацияда жатыр
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның 150-і жедел жәрдем және 40-ы өз өтініші бойынша.
«40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шеккен адам реанимацияда жатыр. Олардың арасында 4-еуі – полиция қызметкері. Зардап шеккендердің арасында 137 полицей мен 53 азамат бар», – деп хабарлады Алматы ҚДСБ.
Бұған дейін жергілікті билік алматылықтарды серуендеуге шықпауды және қоғамдық орындарға бармауды сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында, Алматы қаласында және Алматы облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлықтарға қол қойды.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат