Отшашу тамашалап тұрған бала оқыс оқиғадан көз жұмды
Қазіргі уақытта отшашуды атқан ер адам қолға түсті
Нидерландының шығысындағы Хаксберген қаласының көшелерінің біріндегі думанды кеште ер адам қолдан жасалған отшашу жаққан. Алайда отшашу атылып жатқан кезде күтпеген жерден сол маңда тұрған 12 жасар балаға жарықшақ тиіп, ауыр жарақаттайды. Жасөспірім ауруханаға жеткенде қайтыс болып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отшашудың әсері қаттырақ болуы үшін ер адам оны балғамен ұрғылаған. Алайда отшашудан шыққан ұшқын 11 және 12 жастағы екі балаға тиген. Зардап шеккен балалар ауруханаға жеткізілгенімен, біреуін құтқарып қалу мүмкін болмады. 12 жастағы жасөспірім алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.
Қазіргі уақытта отшашуды атқан ер адам қолға түсті. Оқиғаның егжей-тегжейлері анықталуда.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қолдан жасалған металл балға қондырғысы – клапхамермен отшашуды ұру – Твенте аймағының танымал дәстүрі және Нидерландыда тыйым салынбаған.