Түркістанда жоғалған келіншек 15 шақырым жерден табылды

Azattyq Rýhy

Жоғалған әйелді іздеу үшін бірнеше мобильдік топ құрылды

Фото ашық дереккөзден

Арыс ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда шамамен таңғы уақытта, денсаулығында ақауы бар әйелі үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Арыз түскен сәттен бастап, бірден бағыт алған полицейлер іздестіру шараларын жоғары деңгейде жүзеге асырды. Яғни жоғалған әйелді іздеу үшін бірнеше мобильдік топ құрылды. Тәртіп сақшыларының іздестіру шараларының нәтижесінде тәулік ішінде жоғалған әйел үйінен 15 шақырым қашықтықта кетіп бара жатқан жерінен табылды.

Өз кезегінде табылған әйелдің күйеуі полицейлерге ыстық ықыласын білдіріп, алғысын жаудырды.

Осы тұста полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына ескертеді, егерде жақындарыңыз бен балаларыңыздан көз жазып қалсаңыздар уақыт жоғалтпай тез арада полицияның «102» нөміріне қоңырау шалыңыздар. Бұл өз кезегінде жақындарыңыздың аман-есен табылуына септігін тигізеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.