ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Тауда жоғалған алматылық тұрғын іздестіріліп жатыр

Тауда аяғын қайырып алып, жолда қалған ер адам 2 тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

7 қаңтар күні Алматы маңындағы таулардың бірінде аяғын қайырып алған ер адам қозғала алмай, жолда қалып қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Оқиға орнына апаттық-құтқару отрядының бес адамнан құралған жеке құрамы жіберілді. Құтқарушылар тау басындағы бастауға көлікпен жеткен соң, ары қарай жаяу жүрген. 300 метрден соң хабарлама жіберген адамдарды кездестірген. Олар зардап шегушінің қайда қалғанын түсіндіріп берген. Олар ер адамның өзеннің ар жағындағы тау бетінде отырғанын, аяғын қайырып алғанын айтқан», – деп хабарлайды баспасөз қызметінен.  

Құтқарушылар сол ақпарат бойынша таудың арғы бетін түгелдей шолып, Көкжайлауға дейін барып келген. Алайда ауа райы нашарлап, бес метр жерден ары көрінбейтін қалың тұман түсіп кеткендіктен, зардап шегушіні табу мүмкін болмаған. 

8 қаңтар күні таңертең құтқарушылар тобы іздеу жұмыстарын тағы жалғастырған, алайда одан еш нәтиже шықпаған. 

«Зардап шегуші туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан немесе таудан өздігінен түсіп кетуі мүмкін зардап шегушінің өзінен 109, 8 727 293 53 02 нөмірлері бойынша «Алматы құтқару қызметіне» немесе +7778 721 06 32 нөміріндегі Whats аpp-қа хабарласуын сұраймыз», – деп мәлімдеді құтқарушылар.   

Іздеу жұмыстары зардап шеккен адам табылғанша жалғасатын болады.